Алматыда пластик қабылдайтын ерекше контейнерлер орнатылды

29.10.2025 21:59

Жоба «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында жүзеге асты

Алматыда пластик тапсыратын ерекше орындар пайда болды. Апорт алмасының пішініндегі арт-инсталляция түріндегі контейнер қаланың бірнеше аумағына орнатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жоба «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында эколог, ECO Network платформасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов пен экохаб командасымен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл бастама республикалық «Таза Қазақстан» акциясының бір бөлігіне айналды. Идея авторы дәл осындай жобалар қаланы жақсы жаққа өзгертеді дейді.  

«Бұл - біздің қала тазалығы үшін жасап жатқан алғашқы жұмысымыз емес. Бұған дейін пластик құтылар мен алюминий бөтелкелерді жинайтын 70 фандомат қойылған екен. Көпшілік қоқысты шашпай, оны қайта өңдеу үшін осындай жерлерге тастаса екен дейміз», - деді эколог Евгений Мұхамеджанов. 

Оқи отырыңыз: Несие алдыртып, үйін сатқызып, соңында мазақ қылған: алматылық тұрғын алаяқтардың әрекеті туралы