Алматыда психологтар мен дефектологтарды даярлау бағдарламасы енгізіледі

18.10.2024 11:46

Қала басшысының айтуынша, Алматыда шамамен 200 психолог маманға сұраныс бар

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында білім беру мекемелерінде инклюзияны қамтамасыз ету мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғындар қала әкіміне №61 мектепте білікті психологтардың жетіспеушілігіне назар аударды.

Қала басшысының айтуынша, Алматыда шамамен 200 психолог маманға сұраныс бар. 

Бұл мәселені шешу үшін психологтар, дефектологтар және логопедтерді даярлау бағдарламасы басталды. Осы мақсатта заманауи тәжірибелерді зерттеу бойынша әртүрлі институттармен ынтымақтастық мәселелері талқылануда. Бағдарламаның мақсаты - жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, психологтардың негізгі білімін жаңа талаптарға сәйкес көтеру.

«Біз еңбекақы төлеудің жеке жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ балалармен жұмыс істеуге жастарды тартуымыз керек. Бағдарламада инклюзияға ерекше көңіл бөлінеді, бұл мәселені тереңірек түсінуге және болашақта оларды шешу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі. Биыл біз дайындық жұмыстарын аяқтаймыз, ал келесі жылы №61 мектеп пилоттық жоба болады, онда балалар арасындағы қарым-қатынастарды өзгерту мен буллингпен күресудің әдістерін көрсетеміз», - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының «Жарқын күз күзгі» циклін жариялады