Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді
Алматыда Республика күнін мерекелеуге арналған бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған. Олардың қатарында концерттер, спектакльдер, көрмелер, халықаралық фестиваль, қайырымдылық қойылымдары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия бар. деп хабарлайды Almaty.tv.
Республика күні, 25 қазанда сағат 11:00-де «Медеу» БСК-да мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Гимнін жаппай орындау салтанатты рәсімі өтеді. Іс-шараға қала жастары, қоғам қайраткерлері, Алматы мәслихатының депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады. Сол күні сағат 11:00-де Нұрғиса Тілендиев мемориалдық мұражайында «Өз елім» мерекелік іс-шарасы өтеді.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді: