Мемлекеттік тудың ауданы 98 шаршы метр болса, биіктігі 40 метр
Егемендікке бастаған басты құжат – дербестік декларациясы қабылданған күн 3 жылдан бері ұлттық мереке ретінде тойланып келеді. Бүгін де дәстүр жалғасын тапты. Алматылықтар таңмен таласа «Медеу» спорт кешеніне жиналып, мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туды көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұранды орындаумен жалғасты. Мемлекеттік тудың ауданы 98 шаршы метр болса, биіктігі 40 метр.
. "Көңіл-күй тамаша! Университеттен 300 қыз келді", – деді қала тұрғыны
"Республика күні құтты болсын. Ұлттық дәрежеде тойланып жатқанына қуаныштымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын", – деді қала тұрғыны.
"Іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Республика күні құтты болсын!" – деді қала тұрғыны.
Мерекелік жиынға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәдениет қайраткерлері мен жастар ұйымының өкілдері, студенттер қатысты. Рухани-мәдени іс-шара кейін концерттік бағдарламаға ұласты.
"Егемендік туралы декларация Алматы қаласында қабылданған. Сондықтан қастерлі мереке деп санаймыз. Оның мән-маңызын жастарға үйрету, насихаттау осындай іс-шаралар арқылы ңске асады", – деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.
"Патриоттық мерекелерде егемендігіміздің құндылығын ерекше түсінеміз. Сонымен қатар жастардың патриоттық рухын көтереді деп айтсам болады. Сол үшін осындай шаралардан қалмауға, қатысуға тырысамыз", – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Бағдат Анарбаева
Медеуге 1500-нан аса адам келді. Жиналған жұрттың жүзінен ерекше көңіл-күйді аңғаруға болады. Себебі олар жаңа ғана мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсіміне қатысты. Сағат 21:00-де Абай алаңында, 21:30-да Астана алаңында дрондар шоуы өтеді. Көктөбе мұнарасының шамы жанады.
Рүстем Айткәрім, Ғани Қалуов
Оқи отырыңыз: ТЖМ құтқарушылары Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады