Төрт күн бойы спортшылар ел кубогінің қорытынды кезеңінің жүлделері үшін бақ сынайды
Алматыда 11-14 қазан аралығында садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогінің IV, қорытынды кезеңі – QAZAQSTAN ARCHERY CUP FINAL 2026 өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарыс «АДК» стадионындағы спорттық-жаттығу кешенінде ұйымдастырылады. Төрт күн бойы спортшылар ел кубогінің қорытынды кезеңінің жүлделері үшін бақ сынайды.
11 қазанда жарыстың ресми ашылу салтанаты мен жаттығу кезеңдері өтеді. 12 қазанда іріктеу сайыстары ұйымдастырылса, 13 қазанда олимпиадалық кезеңдер, жартылай финалдық кездесулер және қола медаль үшін бәсекелер өтеді.
Ал 14 қазанда финалдық сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз: Алматыда электр желісіндегі апаттық жөндеуге байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылады