Алматыда салынып бітпеген ірі нысан сүріліп жатыр

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сот шешімімен бүгін Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан құрылыс нысаны сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданған.

Бұған дейін басқарма тарапынан меншік иесіне (жеке тұлға) күрделі пішіндегі темірбетон құрылымын бұзу арқылы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген болатын.

Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған.

2024 жылы 27 мамырда сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды. Содан кейін іс Әділет департаментіне орындауға берілді.

Оқи отырыңыз: Алматы жастары ашық аспан астында тегін киноны қайдан көре алады

Новости партнеров