Алматыда субұрқақтардың консервациясы аяқталды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Субұрқақтарды консервациялау үдерісі оларды өшіруді, жүйелерден суды ағызуды, жабдықтарды бөлшектеуді және оларды арнайы қоймаларға жеткізуді қамтиды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық кампаниясы аясында қалада күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс маусымының аяқталуына байланысты Алматыда қалалық субұрқақтарды консервациялау жұмыстары аяқталды. Субұрқақтарды консервациялау үдерісі оларды өшіруді, жүйелерден суды ағызуды, жабдықтарды бөлшектеуді және оларды арнайы қоймаларға жеткізуді қамтиды. Сақтау орындарында субұрқақтардың конструкциясы тексеріліп, келесі маусымда үздіксіз жұмыс істеуі үшін профилактикалық жөндеуден өтеді.

«Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету ережелеріне» сәйкес, субұрқақтардың жұмыс маусымы 1 мамырдан 1 қазанға дейін жалғасады. Алматының коммуналдық меншігінде барлығы 65 субұрқақ бар, олардың әрқайсысы қысқы кезеңге мұқият дайындықтан өтеді: мамандар жабдықты диагностикадан өткізеді, сүзгілер мен құбырларды тазартады, тозған бөлшектерді жөндеп, ауыстырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» күзгі кампаниясы аясында қала аумағын тазарту, өзен арналарын тазалау және қалалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Іс-шаралар азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, қалалық инфрақұрылымды қысқы жағдайға дайындауға және қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқи отырыңыз: Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады

Новости партнеров