Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды

05.11.2026 16:46
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 53 мекенжайындағы тұрғын үй-жайға жапсарлас салынған құрылыс нысаны рұқсатсыз тұрғызылған,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін басқарма инспекторлары меншік иесінің қоғамдық жерде өлшемі 11,3 × 3,52 метр және 9 × 2,5 метр болатын Г әрпі тәрізді қосалқы нысанды өз бетінше салғанын анықтаған.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде меншік иесі заңсыз салынған нысанды өз еркімен бұзып, алып тастады.

Оқи отырыңыз: Айтылды-орындалды: Алматыдағы Қазыбаев көшесі қалай өзгерді

Толық көрсету