Алматыда Құрылтай депутаттарының сайлауында белгілі әнші Асхат Тарғын №263 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Өнер иесі ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.
«Елдің болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады. Сондықтан таңдауға жауапкершілікпен қарап, ел дамуына бей-жай қарамауымыз керек», – деді әнші.
Оқи отырыңыз: Алматыда Олимпиада жүлдегері Александра Ле Құрылтай сайлауында дауыс берді