Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

15.07.2026 21:12

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады

Аlmaty.tv

Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл аумақта Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі.

Ал 18-20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы жағында атқарылады. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда арықтар жаңғыртылып, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күшейтіледі