Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі

15.08.2026 16:37

Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады

Аlmaty.tv

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз сағат 06:00-ге дейін Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.

Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Толық көрсету