80 жылдық мерейтойына арналған іс-шарада тұрғындар үздік сурет байқауына қатысуға мүмкіндік алды
Алматыда троллейбустың 80 жылдық мерейтойына арналған фестиваль өтті. Тұрғындар қызықты экскурсияға, шеберлік сағатына және үздік сурет байқауына қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Алматыэлектротранс" ЖШС мұрындық болуымен өткен салтанатты іс-шара аясында ардагер қызметкерлерге шаһар басшысы атынан алғыс хаттар табыс етілді. Мерекелік бағдарламамен жалғасын тапқан фестивальде қалалық электр көлігінің тарихынан мағлұмат берген көрме ұйымдастырылды.
"Троллейбустың 80 жылдығына байланысты экскурсия жасап жатырмыз. Көрмеде көліктің макеттері, ескі транспорттың суреттері қойылған. Көңіл күй өте керемет, біріншіден, адамдар риза, екіншіден тарихи біліп жатыр екіншіден", – деді ұйымдастырушы Диана Әуесханқызы.
"Тоқпен жүретін транспорттың пайдасы өте зор. Алматыда 2 трамвай депосы, 8 автопарк, 4 такси паркі болды. Сол кезде троллейбус қаланың 50 пайыз тұрғынын таситын. Көліктің жылдың кез келген мезгілінде жұмысын жасай береді, – деді «Алматы электротранс» ЖШС мектеп балаларын тасымалдау бөлімінің директоры Исахан Төлеуұлы.
Оқи отырыңыз: Елімізде Түркістан облысы – ет экспорты бойынша көшбасшы