Алматыда ұлттық құндылықты дәріптеген әкелер байқауы өтті

25.09.2025 16:18

Отбасылар сайыстың 5 шарты бойынша бақ сынады

Алматының Түрксіб ауданында ең үздік әке анықталды. ХІІІ Әкелер слеті аясында ұйымдастырылған байқауға ауданның 9 мектебінен 9 отбасы қатысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Отбасылар сайыстың 5 шарты бойынша бақ сынады Ең алдымен өздерін таныстырып, сахна мәдениетін көрсетті. Кейін ұлттық киімдер үлгісін ұсынып, өнерін ортаға салды. Ең бастысы, бала мен әке арасындағы қарым-қатынасты дәріптеді. Үздік деп танылған отбасы ертең Бірінші Оқушылар үйінде өтетін қалалық «Шаттығы мол шаңырақ» атты байқауға жолдама алды.

Іс-шараның мақсаты – баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және әр жанұяда ата мен әкенің рөлі басым екенін айқындау.

«Рухани дәстүрімізді қалыптастыру, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, баланың тәрбиесі отбасынан басталады ғой. Сондықтан ең бірінші мақсатымыз – отбасындағы әкелер рөлін арттыру. Сондықтан мектеп болып, ата-ана болып, балалар тәрбиесін арттыру мақсатында осы әкелер слетін аудандық жасап отырмыз», - деді Түрксіб ауданы білім бөлімінің басшысы Жанна Жылқышина.

Оқи отырыңыз: Қарттар күні: алматылық оқушылар қарияларға ән-жыр арнады