Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан мәлімдеді
Қарасай батыр мен Жұмалиев көшесі, 126/135 мекенжайда өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүрілетін болды деп мәлімдеді Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлғаның) рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан қосалқы және кіре беріс нысандарды салғаны анықталды.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл арқалады. Заңсыз тұрғызылған құрылыс мәжбүрлеп бұзу ұйғарымымен сүрілетін болды.
Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы арнайы операция: дропперлер ұсталды