Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы маршрут ұзындығы 40 шақырым болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

9 мамыр — Жеңіс күніне орай Алматыда бұқаралық велошеру ұйымдастырылды. Спорттық-патриоттық іс-шараға 200-ден астам велоспорт әуесқойы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, велошеру қаланың орталық көшелері арқылы өтті.

Қатысушылар сапарын «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастап, әл-Фараби даңғылы, Саин, Рысқұлов даңғылдары, Шығыс айналма жолы, Төле би, Қонаев және Гоголь көшелерімен жүріп өтті.

Велошеру 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мәресіне жетті. Жалпы маршрут ұзындығы 40 шақырым болды.

Іс-шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Мұндай бастамалар салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және ардагерлердің ерлігін ұлықтауға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті келеді

Новости партнеров