Алматыда жер сілкінісінен соң маңызды нысандар мен ғимараттар тексеріліп жатыр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдағы жер сілкінісінен кейін Алматыда сезілген жерасты дүмпулерінен соң қалада тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, сағат 13:10-дағы жағдай бойынша Полиция департаментінің патрульдік көліктері мен өрт сөндіру бөлімдерінің арнайы техникалары қала аумағын аралап тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Гидробекет бақылаушылары және инженерлік-техникалық мамандар алгоритмге сәйкес өзен арналарын және нысандарын тексеруді жалғастыруда.

ТЖМ-нің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналарының, гидротехникалық құрылымдардың, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар аймақтарды бақылауға алған.

Сонымен қатар тұрғындарды қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының зақымданғаны-зақымданбағанын анықтау үшін визуалды тексеріс қолға алынды. Қазіргі уақытта аталған нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы жер сілкінісі: хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді

Новости партнеров