Алматыда жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіктің алдын алу мәселесі талқыланды

27.09.2025 14:33

Наурызбай ауданында ата-аналар жиыны өтті

 

"Бала - біздің ортақ болашағымыз". Алматының Наурызбай ауданында осындай атаумен ата-аналар жиналысы өтті. Жиында жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, балалардың аутодеструктивті мінез-құлыққа ұшырау себептері және оның алдын алу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Іс-шараға аудандық прокуратура өкілдері мен ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Мамандар балаға дұрыс тәрбие берудің, олармен әр түрлі тақырыпта ашық сөйлесудің маңызы зор екенін айтты.

Ата-аналар жиналыс соңында спикерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, алдағы уақытта мұндай жиналыстар көбірек өткізілсе деген ұсыныстарын да айтты.  

«Баланың қандай көңіл күйде екеніне, қандай эмоцианалдық белгілеріне көңіл аудару керек екеніне мән беру, қандай ойындармен ойнайтынын қадағалау туралы талқыланды.  Кішкентай кезінен бастап ұялы телефонмен немесе интернет ойындарын ойнайтын бала шындық пен жасанды өмірді шатастырып, цифрлық аутизмға дейін алып келетін өте жаман нәрсеге ұрынуы мүмкін», - деді Наурызбай ауданы прокурорының орынбасары Қанат Күнғожинов.

Оқи отырыңыз: Ең үздік әке: Алматыда байқау жеңімпаздары анықталды