Алматыда жылдың ең ауқымды экологиялық акциясы өтті – фоторепортаж

19.10.2024 15:21

Алматылықтар «Жарқын күз» іс-шарасына қатысты

Аlmaty.tv

Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық жобасы аясында экологиялық жағдайды жақсартуға және мегаполисті көгалдандыруға бағытталған ауқымды экоакция өтті. «Жарқын күз» атты науқан қаладағы 8 ауданның тұрғынын біріктіріп, көше тазалау мен ағаш отырғызу жұмыстарында белсенді қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алмалы ауданындағы Махатма Ганди атындағы саябақтың маңында таңертеңнен бастап керемет атмосфера орнады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары шұңқыр қазып, түскен жапырақтарды жинап, көшет отырғызды. Көптеген адамның балаларымен келгені көңілге қуаныш сыйлайды, өйткені бұл экологиялық дүниетанымды қалыптастыру тұрғысынан маңызды.

Тастак-2 шағынауданында қаладағы колледждердің оқытушылары мен студенттері белсенділік танытты.

«Бүгін біз елуге жуық алма және шаған көшетін отырғыздық. Барлық студент осы акцияға қуана қатысты. Олар Алматының сұлулығы мен болашағына үлес қосудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Жастарды мұндай іс-шараларға тұрақты түрде тарту қажет деп есептеймін, себебі бұл олардың таза әрі жасыл мегаполисте өмір сүрудің жауапкершілік сезімін қалыптастырады», - деді оқытушы Толқын Тоқтарханқызы.

Алматыбасжоспар ғимаратының маңында да жұмыс қызды. Егер жыл басында Бостандық ауданында 6 мың көшет отырғызу жоспарланса, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлердің қолдауымен бұл көрсеткіш 15 мыңнан асты!

Аталған аудан тұрғындары мен экобелсенділер Гагарин бульварын ретке келтірді. Акцияға мемлекеттік, қоғамдық, экологиялық және білім беру ұйымдарының 250-ден астам өкілі, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Қоқыс жинаумен қатар, серуендеу жолдары мен аллеялардағы қоршаулар, орындықтар және басқа да жабдықтар боялды.

Экобелсенді, аудан тұрғыны Радмир Зейнуллин жалпы қалалық қоқыс жинау акцияларындағы тәжірибесі туралы айтып берді.

«Мен сенбілікке үшінші рет шығып тұрмын. Бүгін екі ағаш отырғыздым. Қаланың тазалығына үлес қосқанды ұнатамын, өйткені осында өстім. Қаланың дамуы әрқайсымызға байланысты деп санаймын. Осындай акцияларға жиі шығайық!» - деді Радмир.

Наурызбай ауданында акцияға жергілікті әкімдік, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, жастар мен ардагерлер т.б. 250 адам қатысты. Танымал Сақ қорғандарының айналасындағы алаңда 200 көшет отырғызылды. «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің маңында 400 көшет, Алатау даңғылы бойында тағы 100 көшет отырғызылды. Олардың арасында қарағаш, сәнағаш және шаған бар.

Сонымен қатар акцияға қатысушылар 300 текше метр қоқыс шығарды.

Қала тұрғынының бірі Айнұр атап өткендей, «әрбір адам Алматының тазалығын және сұлулығын сақтау үшін үлесін қосуға тиіс». Ал тағы бір тұрғын Олжас мұндай іс-шараларға қалыс қалмаудың өте маңызды екенін айтты.

«Тек бірігіп, барлығына жайлы әрі таза орта құра аламыз», — деді ол.

Наурызбай ауданында осындай шаралардың апта сайын өтетініне назар аудару керек.

Алатау ауданында сенбілікке 3 мыңнан астам қатысушы жиналды. 6 гектар аумақта — ALA паркі мен Жаңа Саин көшесінің бойында 2100 ағаш отырғызылды. Оларадың арасында сәнағаш, шаған және қараған бар. 540 текше метр қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстар үшін 42 бірлік арнайы техника қолданылды.

Акцияға Қазақстанның халық артисі, композитор Алтынбек Коразбаев және әні Абай Бегей де қатысты. Артистер тұрғындарды тек сенбілік күндері ғана емес, үнемі тазалықты сақтап, қаланы аялауға шақырды.

Әуезов ауданында экологиялық акцияға 500-ден астам адам қатысты. Жалпы 500-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Бұл жұмыстарға 22 бірлік техника тартылды.

Айта кету керек, экологиялық акцияға 10 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 300-ден астам арнайы техника және 1755 коммуналдық қызметкерлер жұмылдырылды. Қаланың әр жерінде 10 мыңнан астам көшет отырғызылды, оның ішінде 1200 көшет Алатау ауданындағы жаңа ALA паркінде отырғызылды.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар қала бойынша 10 мыңнан астам ағаш отырғызды