Мегаполисте 1 тамыздан бастап тұрғындар жылу және ыстық сумен жабдықтау бойынша қарызын өсімпұлсыз өтей алады
Алматыда «Алматы жылу жүйесі» ЖШС «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз!» атты акцияны бастайды. Бастама жылу және ыстық су үшін берешегін өтеуге ниетті тұтынушыларға айыппұлсыз төлеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлауынша, акция 2025 жылы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін жалғасады және мынадай мүмкіндіктер береді: өсімпұлдан үнемдеу, мүлікке қойылған шектеулер мен тыйымдарды алып тастау, қарызы үшін санкция салынған борышкерлердің банк шоттарын бұғаттан шығару.
Акцияға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы мәліметті борышкер АлЖЖ анықтама қызметінен мына телефон арқылы біле алады: 341-07-77; WhatsApp: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарлама қабылдайды); электронды пошта: info@alts.kz немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚКО) біріне барып ала алады.
ТҚКО мекенжайлары мен байланыс деректері:
Қарыз төленбеген жағдайда борышкерлер жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сомасы сот арқылы өндіріледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі жабылады