Алматыда жол қауіпсіздігін арттыру және көшелерді жөндеу жұмыстары күшейтіледі

Биыл 360-тан астам көше жөндеуден өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көше жол желісінің сапасын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынбақ, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды осы мәселеге қатысты аппараттық кеңес өткізіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Шаһар басшысы мегаполисте автокөлік санының жыл санап артуы жол инфрақұрылымына түсетін салмақты ұлғайтқанын атап өтті. Осыған байланысты жүргіншілер қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары басты назарда болмақ. Сондай-ақ, әкім Әл-Фараби даңғылында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, полиция бақылауын қатаңдатуды тапсырды.

«Бұл жағдай жол қауіпсіздігі мәселесі өзектілігін тағы да айқындап, аталған бағыттағы жұмысты жүйелі түрде күшейтіп, қатаң бақылауға алу қажеттігін көрсетіп отыр. Біз үшін ең басты міндет – тұрғындарымыз бен қала қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру», – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жиын барысында қала көшелерін жөндеу жоспары да талқыланды. Биыл жалпы ұзындығы 290 шақырымнан асатын 360 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл жоба аясында 17 магистральды көше де қамтылады. Негізгі жұмыстар жаз мезгілінде атқарылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Алатау ауданындағы 304 көшені ретке келтіру көзделген.

Оқи отырыңыз: Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

Новости партнеров