Алматыдағы белгілі тұрғын үй кешенінде тексеріс жүргізілді

02.12.2025 15:10

Қазіргі таңда инженерлік желілер бойынша барлық қажетті дайындық актілері алынған

Depositphotos

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы «Buta Legend» тұрғын үй кешенін салуға қатысы бар барлық тарапқа — тапсырыс беруші «Buta Legend» ЖШС, мердігер «Buta Group» ЖШС, авторлық қадағалау жүргізуші «BNK АрхПроект» ЖШС және техникалық қадағалаушы «Экспертный дом» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нысанда көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары аяқталмаған, 3, 5, 6, 7, 8, 9 блоктарда ішкі әрлеу жұмыстары бітпеген, жеделсатылар орнатылмаған, жылу және ыстық су жүйелері қосылмаған.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты 2025 жылы 21 қазанда басқарма «Buta Legend» тұрғын үй кешенін салуға қатысқан барлық тарапқа ҚР ӘҚБтК-нің 318-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданды, сондай-ақ тапсырыс беруші мен мердігерге аталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.

Қазіргі таңда инженерлік желілер бойынша барлық қажетті дайындық актілері алынған. Жылу, су және электрмен жабдықтау инфрақұрылымы қосылып, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жеделсаты жабдықтарын орнату және көріктендіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Осылайша, қазіргі таңда тұрғындар пәтеріне жөндеу жұмыстарын кедергісіз бастай алады.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңды баға белгілеу, әрбір бизнес субъектісінің міндеті