Алматыдағы цифрлық трансформация: 100 киіз үй және желідегі миллиондаған көрермен

25.03.2026 15:54

Мерекелік іс-шараларға офлайн форматта 400 мыңнан астам адам қатысты

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы «ақылды» Наурыз трендін жалғастырып, қалалық мерекені цифрлық трансформациялау бойынша ауқымды бағдарламасын ұсынды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполисте бірден 100 тақырыптық киіз үй тігіліп, тұрғындар үшін 15 бірегей IT-шешім енгізілді.

Мерекелік іс-шараларға офлайн форматта 400 мыңнан астам адам қатысса, интернет арқылы 1,5 миллионнан астам көрермен тамашалады.

Ақпараттық кеңістікті 500 баннер мен LED-экран қамтамасыз етті, ал қала сахналарында 300 өнерпаз өнер көрсетті.

Олардың қатарында Роза Рымбаева мен «МузАРТ» тобы бар. Осылайша, технологиялық тәсіл ұлттық дәстүр рухымен үйлесім тапты.

Оқи отырыңыз: Наурыз тойының жаңа моделі: дәстүр мен технология синтезі