Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесі жұмысын қайта бастады

Құрылыс барысында аурухананың 7 мың шаршы метрге жуық аумағы жаңартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесі қайта жаңғыртудан кейін жұмысын бастауға дайын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медициналық мекеме бұған дейін тәулік бойы қызмет көрсетіп, үш жүзге жуық науқасты қабылдаса, енді күн сайын 500-ден астам адамға көмек беруге қауқарлы. Құрылыс барысында аурухананың 7 мың шаршы метрге жуық аумағы жаңарып, қабылдау бөлімінде науқастарды сұрыптаудың халықаралық жүйесі енгізілді. Сондай-ақ заманауи құралдармен жабдықталған орталық инфаркт кезіндегі көмекті жеделдетуге мүмкіндік береді. Жаңа бөлімше науқастарды қабылдауды ертең бастайды.

Айта кетейік, медициналық мекеме құрылыс кезінде де жұмысын тоқтатпаған.

 «Қабылдау бөлімшесінде 4 ота,1 жансақтау бөлмесі ашылды. 12 төсек-орын бар. Жаңадан ангиограф, МРТ, рентген, УДЗ медициналық жабдықтар орнатылды», – деді № 4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаилов.

Оқи отырыңыз: Ауа райының күрт құбылуына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Новости партнеров