Алматылық Айгерім - Энрике Иглесиастың көп жылдан бергі жанкүйері. Ол әншінің шығармашылығын бала кезінен тыңдап, бұған дейін де бірнеше концертіне арнайы барған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сүйікті әншісінің Алматыға келіп, концерт беруі Айгерім үшін ерекше қуаныш.
«Энрикенің әндерін бала кезімнен тыңдап келемін. Оның бірнеше концертіне бардым. Енді сүйікті әншімнің Алматыда концерт беріп жатқанына өте қуаныштымын. Бұл мен үшін көптен күткен ерекше кеш», - дейді Айгерім.
Оқи отырыңыз: Энрике Иглесиас концерті: іс-шара алдында Тазабек көрермендерді тазалық сақтауға шақырды