Алматылықтар назарына: дабыл жүйесі іске қосылады

23.07.2025 10:31

Қауіпсіз орын деп электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңдар есептеледі

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

24 шілде, бейсенбі күні сағат 10:00-де «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы аясында қаланың дабыл қағу жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сіздерден сабыр сақтап, қауіпсіз орындарға баруды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, әрбір тұрғын алдын ала қауіпсіз орынға баратын эвакуация жолын белгілеп алуға тиіс.

Қауіпсіз орын деп электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңдар есептеледі.

Оқи отырыңыз: Президент медицина қызметкерлеріне күш көрсеткені үшін жазаны күшейтуді тапсырды