Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға жеңілдетілген несие алды

15.10.2024 11:10

Көрсетіліп отырған кезеңдегі қаржыландырудың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асты

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

«Almaty Finance» еншілес ұйымы (Алматы ӘКК компаниялар тобына кіреді) «Алматы» МҚҰ ағымдағы жылдың 9 айында алматылықтарға шағын және микробизнесті дамыту үшін 80-нен астам жеңілдетілген несие берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Несиелердің ең көп бөлігін өндіріс және өңдеу (30%), денсаулық сақтау (17%), білім беру (10%), халыққа қызмет көрсету (10%), туризм (6%), әлеуметтік кәсіпкерлік (6%), сонымен қатар креативті экономика (5%) салаларында жобалары бар кәсіпкерлер алған.

Көрсетіліп отырған кезеңдегі қаржыландырудың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асты.

Кәсібін енді бастаған және тұрақты жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жылдық 2% және 6% жеңілдікпен несие берілді. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және басқа да бизнес қажеттіліктерін жабуға бөлінеді.

«Алматы» МҚҰ-ның 7 жылдық мерзімге дейін беретін несиесінің ең жоғары сомасы 73 840 000 теңгені құрайды.

2019 жылдан бастап 2024 жылдың 3 тоқсанына дейін «Алматы» МҚҰ барлығы 12,5 млрд теңгеге жуық сомаға 560-тан астам шағын және микро бизнес жобаларын қаржыландырды.

«Алматы» МҚҰ-ның «Almaty Business» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелендіру аясында қалада 2300-ден астам жұмыс орны ашылды. Жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуымен қатар, бағдарлама жергілікті бюджетке салық түсімдерін арттыруға да белсенді ықпал етуде», - деп атап өтті «Алматы» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

Оқи отырыңыз: Елордада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланып қалды