Байқау ән, күй және би бағыттары бойынша өтті
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар арасында ұйымдастырылға «Алматыны аяла!» қалалық өнер байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – аға буын өкілдерінің шығармашылық қабілетін қолдау, өнерін кеңінен насихаттау, бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау және қаланың мәдени-қоғамдық өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау.
Байқау ән, күй және би бағыттары бойынша өтті. 3-15 қыркүйек аралығында Алматының 8 ауданында аудандық іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, оған 100-ге жуық әуесқой өнерпаз қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша әр ауданның үздік қатысушылары қалалық финалда бақ сынады.
Финалдық кезеңде 24 қатысушы мен шығармашылық ұжым сахнаға шығып, вокалдық, аспаптық және хореографиялық шеберлігін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
Сонымен қатар 5 қатысушы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды:
«Алматыны аяла!» байқауы аға буын өкілдерінің өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігінің жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті. Сахнаға шыққан қатысушылар жасқа қарамай өнермен айналысып, жаңа белестерді бағындыруға болатынын өнері арқылы дәлелдеді.
Байқау үздіктерді анықтайтын шығармашылық дода ғана емес, өнер арқылы түрлі буын өкілдерін жақындастыратын, аға буынның белсенді өмір салтын насихаттайтын маңызды мәдени алаңға айналды.
Оқи отырыңыз: Алматы күні неге қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді