Алматының Алатау ауданында ауқымды сенбілік өтті

30.06.2025 16:01

Іс-шараға қоғам белсенділері мен мәдениет өкілдері қатысты

Алматының Алатау ауданында ауқымды сенбілік өтті. Тұрғын үй массивінде ұйымдастырылған тазалық іс-шарасына қоғам белсенділері мен мәдениет өкілдері қатысты. Олар сенбілік барысында қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып қана қоймай, экологиялық тәрбие мен аумақты күтіп ұстаудың маңыздылығын насихаттады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жергілікті тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрса деген пікір-тілегін жеткізді. 

«Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс-жақын шетелдерден жылына қаншама турист ағылады. Сондықтан қала тазалығы ең бірінші алматылықтар үшін өте маңызды. Сондықтан Алматымызды, әсем қаламызды таза ұстауға шақырамын», - деді актер Бақыт Тушаев.

«Тазалық – мәдениет көрсеткіші. Алматы – мәдениеттің ордасы. Сондықтан тазалық қала тұрғындары үшін бірінші орында тұратын қағидаттың бірі деп білемін», - деді актер Еркебұлан Дайыров.

Оқи отырыңыз: Алматыда Шекара академиясының 160-тан астам түлегі лейтенант шенін алды