Іс-шараларды іске асыру қаланың табиғи желдетілуін айтарлықтай жақсартады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Сәдуов осылай деді. Қаладағы ауаны жақсарту үшін Бас жоспарда қандай іс-шаралар қарастырылғаны туралы сұраққа жауап бере отырып, ол тау аймағында қалыптасатын және қаланың микроклиматына әсер ететін желдің өтіне кешенді зерттеулер жүргізілгенін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Дерекке қарағанда, жел көбіне солтүстік–солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және оңтүстіктен соғады. Әсіресе қыс кезінде бұл бағыттан желдің соғуы үдей түседі. Осы анықталған заңдылықтарды ескеріп, Бас жоспарда қалалық ортаның табиғи желдетілу деңгейін арттыруға бағытталған қаладағы құрылысқа қатысты біраз шешім қолға алынғалы отыр», - дейді спикер.
Олардың қатарында:
Аталған іс-шараларды іске асыру қаланың табиғи желдетілуін айтарлықтай жақсартып, ауаның сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Бас жоспарды жаңартқан соң Алматыда құрылысты бақылау күшейді