Алматыдағы теміржол вокзалдарында бақылау күшейтілді

400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теміржол вокзалында тәртіп қатаң. Алматы-1 стансасының желілік полиция бөлімшесі жолаушылардың қол жүктерін жіті тексеруде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, мамандар жедел профилактикалық шара аясында азаматтардың сөмкесінен пышақ, кастет, шоқпар, электрошокер сияқты суық қару түрлерін тапқан. Нәтижесінде 6 қылмыстық іс сотқа жолданып, екі адамға хаттама толтырылған.

Айта кетейік, іс-шара 1 қыркүйекте басталған. Содан бері қызметкерлер жалпы 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтапты. Мұнымен қоса, теміржолға жақын үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған қағаз таратылған.

«Қазіргі таңда 3 мыңға жуық үй араладық. Вокзалдарда келіп кетіп жатқан жолаушыларға 300-400ге жуық буклет таратылды. Жолаушылар пойыздарында бағалы заттарды жоғалтып алу жиі кездеседі. Сол себепті осы Алматы-2  теміржол вокзалына келген жолаушыларға түсіндірме жұмыстары күнделікті жүргізіледі», – деді Алматы-1 стансасы Көліктегі полиция басқармасы бөлімінің бастығы Жайық Садықов.

«Жедел профилактикалық шара аясында теміржолға жақын тұратын тұрғындармен кездестік. Мектептерде дөңгелек үстелдер өткіздік. Іс-шара 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Азаматтардан жоғарыда аталған заттарды өзімен бірге алып жүруге болмайтынын және бұл үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Жеке заттарына жауапты болуды сұраймыз», – деді Алматы-1 стансасы Көліктегі полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары Руслан Шәрібаев.

Оқи отырыңыз: Жас маман: электромеханик жауапкершілік пен қатаң тәртіпті талап етеді - Досымжан Ерланов

Новости партнеров