Алматының батыс бөлігімен қатар, Түрксіб пен Жетісу аудандарын дамыту қажет - Дархан Сатыбалды

24.10.2025 13:43

Шаһар басшысы сондай-ақ бірегей сәулеттік келбетті сақтауға ерекше мән берілуі қажет деді

Полиорталықтарды дамыту жобалары аясында заманауи кеңістіктер құрылады. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Оңтүстік-Батыс» және «Тарихи орталық» полиорталықтарын дамыту, сондай-ақ, Бас жоспарды нақтылау аясындағы жол-көлік инфрақұрылымы жобалары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Басқосуда қоғамдық кеңістіктерді дамыту, аумақты көріктендіру және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.  

«Орталықты осы маңда да құру қажет. Мәселен, қаланың батыс бөлігін дамыттық, бірақ ол жеткіліксіз болады. Түрксіб, Жетісу аудандарына да көңіл бөлу маңызды. Онда ескі үйлер өте көп», - деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды. 

Дархан Сатыбалдының айтуынша, жобаларды жүзеге асыру кезінде қаланың және инвесторлардың мүддесін тең ұстау маңызды. Шаһар басшысы сондай-ақ бірегей сәулеттік келбетті сақтауға ерекше мән берілуі қажет деді.   

Оқи отырыңыз: Алматыда қаржылық сауаттылық диктантының үздіктері анықталды