Алматының Медеу ауданында демалыс пен спортқа арналған заманауи аллея салынды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Аллея тұрғындар бастамасы мен мемлекеттің қолдауы арқасында серуендеуге, белсенді демалыс пен қарым-қатынасқа арналған заманауи кеңістікке айналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медеу ауданының Самал-1 шағынауданында аллеяны абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жоба 2025 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс барысында 1 100 шаршы метр жерге кеспе тас төселіп, 2 700 шаршы метр жасыл аймақ пен көгал абаттандырылды. 21 заманауи көше шамы, 14 ыңғайлы орындық пен 14 қоқыс жәшігі орнатылды. Жайлы демалыс үшін пергола орнатылып, спортпен айналысуға арналған воркаут-аймақтар жасақталды.

Аллея тұрғындар бастамасы мен мемлекеттің қолдауы арқасында серуендеуге, белсенді демалыс пен қарым-қатынасқа арналған заманауи кеңістікке айналды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2025 жылы Медеу ауданында 34 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішінде 17 аула аумағын абаттандыру, 13 қоғамдық кеңістікті жаңарту және 4 учаскеге автоматты суару жүйесін орнату бар.

Оқи отырыңыз: Almaty Marathon: 28 қыркүйекте Алматыда жолдардың бір бөлігі жабылады

Новости партнеров