Алматының метро бекеттерінде жылжымалы фотокөрме ұйымдастырылды

Мектептің жоғары сынып оқушылары арасында өткен байқау жеңімпаздары марапаталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мен Алматы тарихын білемін» атты байқау мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екі аптаға созылған конкурс мектептің жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған. Білім бәйгесінде озық шыққан жеңімпаздар қала күнінде салтанатты түрде марапатталды. Үш кезең бойынша додаға түскен жүлдегерлер арнайы тақырып бойынша эссе жазып, қала тарихына қатысты тестке жауап беріп, сұхбаттасудан сәтті өткен.

«Конкурстың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың, оқушылардың туған жеріне, қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру. Отансүйгіштік сезімге баулу. Тарих – әр ұлттың күретамыры. Мектептегі, оның ішінде тарих пәнінің ұстаздарының  еңбегін атап өткім келеді», – деді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.  

Ал Алматының метро бекеттерінде жылжымалы фотокөрмелер ұйымдастырылды. Метроның әр стансасында Алматы музейінің қорынан алынған археологиялық артефактілер мен қазақтың зергерлік бұйымдары, 1970-80 жылдардағы қала ғимараттары бейнеленген фотосуреттер қойылды. Келушілер назарына қазақтың ұлы тұлғалары туралы ақпараттық стендтер және танымал композитор, дирижёр, Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен өнер жолынан сыр шертетін суреттер ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Kitap Fest 2025: Алматы күнінде 10 мыңнан аса кітап сатылды

Новости партнеров