Алматының Наурызбай ауданында үш балабақша жөндеуден өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аудандағы бірқатар балабақшаны жөндеу үшін қаржы бөлінген болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты 2025 жылы аудандағы бірқатар балабақшаны жөндеу үшін қаржы бөлген еді. Соның арқасында мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, тәрбиеленушілер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта жасалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бүгінде 3 балабақша жергілікті бюджет есебінен жөнделді. Соның нәтижесінде Наурызбай ауданындағы 575 бүлдіршін санитарлық және білім беру талаптарына сәйкес келетін заманауи балабақшада тәрбиеленіп жатыр.

Мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар аясында 2025 жылы Наурызбай ауданындағы үш балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар «№193 бөбекжай-балабақша», «№45 бөбекжай-балабақша» және «№172 бөбекжай-балабақша». Аталған балабақшалардың іші әрленді, шатырлары, есіктері, едендері жаңартылды, сантехникалық торабы ауыстырылды. Балабақшалар сейсмикалық тұрғыда күшейтілді, орындықтар қойылып, айналасы қоршалып, абаттандырылды.

Наурызбай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жүргізілген барлық іс-шаралар мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи орта құруға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 11,7 мың оқушыға арналған 8 заманауи мектеп салынып жатыр

Новости партнеров