Алматының негізгі капиталына инвестициялар 35,6 %-ға өсті

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы Қазақстандағы инвестициялық өсудің басты орталықтарының бірі ретінде өз позициясын сенімді нығайтуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы еліміздің ең тартымды экономикалық орталықтарының бірі мәртебесін растай отырып, инвестициялар саласындағы оң серпінді көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Экономика басқармасының хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 541,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6% - ға артық.

Салымдардың ең көп өсуі мынадай салаларда тіркелді: білім беру — 7,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметі — 2 есе, сумен жабдықтау және су бұру — 1,9 есе, туризм — 1,5 есе, жылжымайтын мүлікпен операциялар - 22,1% — ға, электрмен және жылумен жабдықтау —19,4% - ға, көлік және қоймалау - 14,7%. Мұндай динамика қаланың инвестициялық портфелінің әртараптандырылуын және инвесторлардың экономиканың түрлі салаларына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Алматы Қазақстандағы инвестициялық өсудің басты орталықтарының бірі ретінде өз позициясын сенімді нығайтуда. 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес Алматы экономикасына негізгі капиталға 2,2 трлн теңге инвестиция тарту көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 27 мың АҚШ долларынан асты

Новости партнеров