Алматының Райымбек даңғылында ауқымды реконструкция жүріп жатыр
Almaty.tv
Жұмыстың мақсаты – балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қосқанда, барлық тұрғынға қолжетімді, заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық беру
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Райымбек батыр даңғылы бойында көріктендіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұмыстар мына учаскелерді қамтиды:
- Райымбек даңғылы, 348/1-ден 451А-ға дейін (Әуезов ауданы)
- Розыбакиев көшесінің көпірінен Брюсов көшесіне дейін (аллея мен солтүстік жағы)
- Розыбакиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін, Брусиловскийден Тілендиевке дейін
- Байзақов көшесінен Галилейге дейін
- Райымбек даңғылы, 193-тен Төретай көшесіне дейін (солтүстік жағы)
- Райымбек даңғылы, 172-ден 174/2-ге дейін (оңтүстік жағы)
- Панфилов көшесінен Абылай ханға және Чайковскийден Желтоқсан көшесіне дейін
Не істеледі?
- Ескі асфальт жабындысын алу
- Тротуар плиткалары мен жиектастарды орнату
- Демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер мен веложолақтар салу
- Аумақтарды көгалдандыру
"Жұмыстың мақсаты – балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қосқанда, барлық тұрғынға қолжетімді, заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық беру. Уақытша шектеулер болуы мүмкін, сондықтан бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жұмыс барысы туралы толық ақпаратты қосымша тіркелген құжаттан оқи аласыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
16.09.2026 09:01
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37
Алматының 120 спортшысы XX жазғы Азия ойындарына қатысады
15.09.2026 09:35