Алматының Таусамалы шағынауданында инженерлік желілердің құрылысындағы негізгі жұмыстар аяқталды

28.11.2025 18:19

Бұл тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын айтарлықтай арттырады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы Су» кәсіпорны Наурызбай ауданындағы Таусамалы шағынауданында инженерлік желілердің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

Жоба аясында биыл 6 шақырым су құбыры мен кәріз желілері тартылып, көшелерді асфальттауға дайындық жүргізілді. Мердігер ұйым жол жабынын қалпына келтіруді аяқтап жатыр, жұмыс алдағы күндері толық бітеді.

Жобаны жүзеге асыру қысқа мерзімде жеке сектордағы бірнеше жүз үйді орталықтандырылған су және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын айтарлықтай арттырады.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша «Алматы Су» желісі арқылы 60 шақырымнан астам су және кәріз желілері салынып, қайта жаңғыртылды. Бұл жұмыстар толық аяқталған жердегі нысандар сумен тұрақты түрде жабдықталады. Қалған аумақтарда жолды қалпына келтіру жұмыстары бітуге жақын.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет жүрекке CSP жүйесі орнатылды