Алматының Түрксіб ауданында электр желісі жаңартылады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында электр желілерін реконструкциялау бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысының айтуынша, «Әлмерек», «Нұршашқан» және «Қайрат» шағынаудандарының тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынған. Қосалқы станция «Тұздыбастау» қосалқы станциясын «Бесағаш» қосалқы станциясымен байланыстыратын кабельдік желілерді төсеу жұмыстарынан кейін 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін қосылады.

Сонымен қатар аталған шағынаудандарда 110 км электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жалпы  Алматы қаласында жыл басынан бері 76 км электр желілерінің 66 км-і жаңартылды.

Сонымен қатар  биыл магистральді көшелерде 25 км сыртқы жарықтандыру жүйесі жөнделіп, 250 км-ден астам кабель тартылып, 1800 бағана орнатылды.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданында су және кәріз мәселесі қалай шешіліп жатыр

Новости партнеров