Жыл соңына дейін Сауранбаев көшесіндегі тағы 7 жаңа үйді қоныстандыруды бастау жоспарлануда
Алматының Түрксіб ауданында 1960 жылға дейін салынған 586 үй қайта реновациялауға жатады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жайлы қалалық орта құру әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасы әзірленді, онда кешенді және тоқсандық құрылыс айқындалды, ескі тұрғын үй иелерінің кепілдіктері және әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамытуды ескере отырып, тұрғын үй қорын жаңарту бекітілді», - деді Ерболат Досаев.
Ескі тұрғын үй мәселесі Түрксіб ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Мұнда 60-жылдарға дейін салынған 586 тозығы жеткен үйлерді реновациялау жұмыстары жалғасуда.
2024 жылдың шілдесінде Кассина көшесіндегі 6 жаңа үйдің құрылысы аяқталып, қоныстану іске асты. Жыл соңына дейін Сауранбаев көшесіндегі тағы 7 жаңа үйді қоныстандыруды бастау жоспарлануда. Сондай-ақ Алтай-2 ш/а жекеменшік құрылыс салушы 54 үйдің ішінен 6 үй сатып алды. Бүгінгі таңда екі тоғыз қабатты үйді бұзу және салу жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Алматының сапалы дамуын және тиімді бақылауды қамтамасыз ету үшін жаңа қала құрылысы регламенті, құрылыс салу Ережелері және Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы әзірленді. Жаңа бағдарламалар жыл соңына дейін қалалық Мәслихат сессиясында бекітілетін болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа амбулатория мен жедел жәрдем қосалқы станциясының құрылысы аяқталды