Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Қазақстан SHARE Awards форумының негізгі қатысушыларының біріне айналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дорнбирн қаласында (Аустрия) Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің жетекші сәулетшілері, урбанистері, мемлекеттік институттары мен зерттеу орталықтарының өкілдерін біріктірген SHARE Architecture Awards 2025 халықаралық сәулет фестивалі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұсынған урбанистік жобалары үшін SHARE Awards сыйлығымен «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты марапатталды. 

Фестиваль SHARE Architects Society қолдауымен өткізіліп, архитектуралық диалогты дамыту мен өңірдегі үздік жобаларды ілгерілетуге бағытталған кәсіби платформа болып табылады.

2025 жылы форум тарихындағы ең ауқымды бағдарлама ұсынды. Барлығы 20 елден 114 жоба финалдық кезеңге іріктеліп, «Іске асырылған ғимараттар», «Интерьер» және «Болашақ жобалары» санаттары бойынша қазылар алқасына ұсынылды.

Биыл Қазақстан форумның негізгі қатысушыларының біріне айналды. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Сәдуов фестивальдің ресми бағдарламасына шақырылды.

Баяндама барысында ол Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда: қаланың полицентрлік моделі, қалалық ортаның сапасын арттыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламалары, қала құрылысына ғылыми-талдамалық тәсілді енгізу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығына қатысты халықаралық стандарттарды енгізуді ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Асхат Сәдуов «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ұжымының заманауи урбанистік саясатты қалыптастыруға және халықаралық архитектуралық диалогты дамытуға қосқан үлесін мойындаған SHARE Awards сыйлығымен марапатталды.

«Бұл марапат Алматыдағы урбанистикалық өзгерістерге деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын айқын дәлелдеп, Қазақстанның кәсіби сәулетшілер қауымдастығыгдағы беделін күшейте түсті», – деді А. Сәдуов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Qarzhy Saqshysy қаржылық қауіпсіздік жобасы басталды

Новости партнеров