Алматының Жетісу ауданында емхананың филиалы ашылды

Мұнда тәжірибелі әрі бейінді мамандар қабылдау жүргізеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Жетісу ауданында жаңа емхана филиалы ашылып, ем шараларын көрсетуді бастап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы әсіресе аудандағы тұрғындарға дәрігерлік сапалы қызметтің қолжетімділігін арттырмақ. Мұнда тәжірибелі әрі бейінді мамандар қабылдау жүргізеді. Профилактикалық тексерулер мен вакцинация да жасалады. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балалар бақылауға алынып, созылмалы ауруы бар науқастар қадағаланады. Мекеме заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мәселен цифрлық рентген, маммограф, офтальмология кабинеттері, сүзгі бөлмелері, жеке зертхана мен дәріхана жұмыс істейді.  Жаңа нысанның ашылуы қолданыстағы емханаларға түсетін жүктемені азайтып, қабылдауды күту уақытын қысқартуға сеп болмақ.

«Филиал аусымына 200 адамды қабылдай алады. Тұрғындарға толыққанды сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетеміз. Құрал-жабдықтың бәрі жаңа. Мұнда 20 мың адам тіркелген», – деді № 1 қалалық емхананың директоры Наталья Немтина.

«№ 1 қалалық емханада 1976 жылдан бері емделіп, қаралып жүрмін. Өте жақсы, ыңғайлы. Біз сияқты зейнеткерлерге, қарт адамдарға, көп балалы аналарға өте ыңғайлы», – деді қала тұрғыны Елизаветта Ахметқалиева.

Оқи отырыңыз: Алматыда атмосфералық ауаны қорғау ережесі бекітілді

Новости партнеров