Алматының жедел жәрдем қызметі 48 көлікпен толықты

Мегаполисте күн сайын 186 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының жедел жәрдем қызметі жаңа 48 көлікпен толықты. Олардың қатарында «С» класты 12 және 36 «В» класты автомобиль бар. Олар озық медициналық құрылғылармен жабдықталып, науқастарға көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматының жедел медициналық жәрдем стансасының автопаркіне тағы 48 автомобиль қосылды. Жаңа жыл қарсаңында жаңа көлікке ие болған қызметкерлер дән риза. Олардың айтуынша, орнатылған құрылғының бәрі – әлемдік стандартқа сай.

Автокөлік «Б» класына жатады. Онда реанимациялық жәшік, өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф, оттегі баллондары мен арбасы бар. Арба өте ыңғайлы жасалған. Жоғары стандандартқа сай жабдықталған, – деді медициналық жабдықтар бойынша менеджер Әбдімәжіт Әзімқожа.

Ал бұл «С» класындағы автокөлік. Мұнда науқастардың жанын сақтауға бар жағдай жасалған. Мамандар «өзге жедел жәрдем көліктеріне қарағанда мұнда орнатылған барлық құрылғы әлдеқайда күштірек» дейді. Ал басты ерекшелік – мұндағы жансақтау мониторы.

"Қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен көліктеріміз жаңарып жатыр. Былтыр 55 көлік берілді, биыл мына 48 көлік алдық, ал келер жылы тағы 50 автомобильмен толығады деп жоспарлап отырмыз. Жаңа көліктер стансаларға берілді. Қазір қала бойынша 13 қосалқы станса жұмыс істейді", – деді медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Павел Бурда.

Айта кетейін, мегаполисте күн сайын 186 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, олар 3000-нан астам шақыртуға барып, қызмет көрсетеді. Ал биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ақ халаттыларға  990 мыңнан астам қоңырау түскен.

Гүлмарал Изатқызы, Ялкунжан Әшімжанов

Оқи отырыңыз: Мәдениет саласындағы биылғы жетістіктер қандай

Новости партнеров