Елордада жаңа кәсіпорынның ашылуы Президенттің қайта өңдеу саласын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылмақ
Астанада өндірістік алаңында сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталу сатысында, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін шығарумен айналысады. Бұл жоба — Үкімет пен елорда әкімдігінің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елдегі қайта өңдеу қуаттарын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін көбейту бағытындағы кешенді жұмыстарының заңды жалғасы.
Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды. Зауыт 2026 жылы пайдалануға беріліп, алғашқы өнімін тамыз айында шығаруды жоспарлап отыр.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуге қауқарлы және алдағы уақытта бұл көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар зауыт өнімнің 350 түрін шығаруға қауқарлы. Мұнда өндірілетін барлық сүт өнімдері Астана қаласы мен оған жақын орналасқан өңірлерде сатылатын болады.
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді