Ауқымды спорттық іс-шарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігі — басты назарда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында «Реал Мадрид» және «Қайрат» командаларының қатысуымен өтетін халықаралық спорттық іс-шараға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері тарапынан күшейтілген кезекшілік ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Матч өтетін орында мегаполистің төрт өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары, сондай-ақ инженерлік-инспекторлық құрам өкілдерін қоса алғанда, шамамен 60 ТЖД қызметкері кезекшілік атқаратын болады.

Қызметкерлер «Vario» өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталған. Бұл — өртті өрт сөндіргіш заттың қуатты бағытталған импульстік ағынымен сөндіруге арналған заманауи жүйе.

Жалпы, қаламызда тәулік бойы жоғары дайындық режимінде әрекет етуге дайын:

- 300-ден астам құтқарушы және өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері;
- 80-ге жуық негізгі және арнайы техника бірлігі.

Біз өрт және техногендік сипаттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаудамыз. Бөлімшелер өзара іс-қимылда басқа жедел қызметтермен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігі — басты назарда.

Оқи отырыңыз: Түркістандық жанкүйер қақпасына «Қайрат» пен «Реалдың» эмблемасын салды

Новости партнеров