Бабалар мұрасы жаңа форматта: Алматыда бірегей көрме өтті

Таңбалы петроглифтері жасанды интеллект арқылы «тірілді»

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таңбалы петроглифтері қайта тірілді. Бүгін Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экспозицияда келушілерге жартас суреттерінің фотокартиналары, Таңбалы петроглифтері негізінде жасалған арт-объектілер, сондай-ақ жасанды интеллект қолданылған мультимедиялық цифрлық технологиялар ұсынылды.

Жоба авторы – фотосуретші Владислав Ким өз туындылары арқылы еліміздегі маңызды мәдени мұраны әлемдік деңгейде танытуды мақсат еткенін айтады. Оның сөзінше, суреттері тарихты тірілтіп, өткенге көз жүгіртіп қана қоймай, жаңа форматта қайта жаңғырған.

Айта кетейік, көрмеге отандық археологтар мен тарихшылар, этнологтар мен мәдениеттанушылармен қатар, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО аймақтық өкілдері, шетелдік жартас өнері бойынша жетекші мамандар мен Бүкіләлемдік мұра объектілерінің басшылары қатысты.

“Бұл жұмысты көрген ересек адамдар оның мән-мағынасын, өткеннен қандай сыр шертіп тұрғанын бірден ұғады. Алайда балалар мен жасөспірімдерге түсінікті әрі ыңғайлы болуы үшін Таңбалы тастардың тарихы таспаланған бейнежазба дайындалды. Яғни фотосуреттер заман талабына сай бейімделіп, жасанды интеллект көмегімен тірілді десем болады. Онда әрбір петроглифтің түп-тамыры, әр дәуірден қалай сақталып жеткені көрсетіледі”, – деді фотосуретші Владислав Ким.

Оқи отырыңыз: Алматының индустриялық дамуы: Алатау ауданында жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр

Новости партнеров