Дәрігер – балалардың жанашыры: Алматыда акция өтті

29.05.2025 14:40

Іс-шараның мақсаты – балаларға кеңестік-диагностикалық көмек көрсету

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында және республикалық “Дәрігер – балалардың жанашыры” акциясы аясында  №11 Қалалық емханасында  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараның мақсаты – балаларға кеңестік-диагностикалық көмек көрсету, сондай-ақ ата-аналармен мамандарға уақтылы жүгінудің және баланың денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер өткізу болды.
Күн бойы ҚазҰМУ-дың балалар медицинасының әртүрлі бағыттарындағы жеті бейінді маманы – профессорлар, медицина ғылымдарының кандидаттары және жоғары санатты дәрігерлер – ем қабылдауға келген кішкентай пациенттерді тексерді және кеңес берді.
Іс-шараға балалар эндокринологы, кардиоревматолог, аллерголог-пульмонолог, инфекционист, хирург, гастроэнтеролог және педиатр қатысты.
№11 қалалық емханасы үшін мұндай іс-шаралар игі дәстүрге айналған. Мұнда балалардың ауруларының алдын алуға, ерте диагностикаға және ата-аналарда балалар денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Балаларды қорғау күні – бұл тек қуанышты мереке ғана емес, сонымен қатар әрбір баланың құқығы мен денсаулығын қорғау қажеттілігі туралы маңызды еске салу. Барша бала сүйіспеншілікте, қауіпсіздікте және ең бастысы – аман-сау өссін.

Оқи отырыңыз: Алматыда су айдындарында бақылау күшейтіледі