Белгілі актер әрі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Өнер майталманы ел өміріндегі маңызды шешімдерге әр азаматтың белсенді қатысуы қажет екенін айтты. Оның пікірінше, Құрылтай құрамына халықтың сөзін сөйлеп, ел мүддесін қорғайтын, жауапкершілікті сезінетін азаматтар өтуі маңызды.
«Құрылтайға сайланатын депутаттарға үлкен сеніп артып, еліміздің болашағын ойласын деген үмітім бар. Президентіміз асқан сабырлықпен елді жақсылыққа әкеле жатыр. Мен соған кәміл сенем», – деді ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.
Оқи отырыңыз: Бибігүл Төлегенова Құрылтай сайлауында дауыс берді