Алматы бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтайды

Пресс-служба акима города Алматы
Пресс-служба акима города Алматы

2025 жылы бюджет жобасында әлеуметтік салаға 806,1 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2025 жылы бюджет жобасында әлеуметтік салаға 806,1 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл алдын ала ақпарат бойынша қала бюджеті шығыстарының 41% -ын құрайды. Әлеуметтік саланы қаржыландыруды ұлғайтудың болжамды өсуі 8,7% -ды құрайды. 2024 жылы әлеуметтік салаға 741,2 млрд., 2023 жылы 664,5 млрд. бағытталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасы Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қабылдау қарастырылуда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мәслихаттың келесі отырысында Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту мәселесі қаралатын болады. 

Мәслихаттың алдын ала ақпараты бойынша, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2025 жылы 2,6 есеге - 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ 1326 дәрігер мен медициналық персоналды оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылады. Жаңа бюджеттен қаражаттың бір бөлігі Бостандық ауданында 500 адам қабылдайтын №4 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының, екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның және жаңа емхананың құрылысын аяқтауға бағытталады. Қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен, оның ішінде вакциналармен және иммунопрофилактикалық препараттарымен қамтамасыз етілетін болады. Сирек кездесетін аурулары бар 4 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмектермен қамтылады.  

2025 жылы жедел жәрдемнің автопаркін жаңарту жалғасады, ол үшін 50 автокөлік сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары 20 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді, оның ішінде он нысанды 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр және 30 жаңа және ескі денсаулық сақтау нысандарын жобалау жұмыстары жалғасуда.

Новости партнеров