Алматыда жыл басынан бері 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды

16.07.2026 11:27
пресс-служба акима Алматы

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 30 864 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты, -  деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Осы кезеңде Еңбек мобильділігі орталығына 41 267 адам жүгінді. Оның ішінде 33 911 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

5 290 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 5 198 алматылық субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және аға буын азаматтарына арналған жобалар бар.

375 адам кәсіптік оқытумен қамтылды. Сонымен қатар 1 214 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтті, 1 702 адам enbek.kz платформасында білім алды, ал 17 085 алматылыққа кәсіптік бағдар беру қызметі көрсетілді. 

Оқи отырыңыз: Алматының Туризм басқармасы 2027 жылдың соңына дейін қалаға 110 мыңға дейін турист тартуды жоспарлап отыр