Алматыдағы Ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді

13.10.2026 11:52

Кассада сағат 15:00-ден 15:30-ға дейін техникалық үзіліс болады

фото Victor Glutsenko

Алматыдағы Ботаникалық бақ 15 қазаннан бастап қысқы жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Бас Ботаникалық бақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндізгі жарық уақытының қысқаруына байланысты бақтың жұмыс уақыты өзгереді. Енді келушілер Ботаникалық баққа күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін бара алады.

Кассада сағат 15:00-ден 15:30-ға дейін техникалық үзіліс болады.

Сондай-ақ Ботаникалық бақ әкімшілігі әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн екенін еске салды.

Толық көрсету